Қазақстанда заңсыз түрде гранатомет саудасымен айналысқан полицей сотталды
2019 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті қару-жарақтардың заңсыз тасымалымен айналысып жүрген азаматтарды жауапқа тартты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ресми ақпаратқа сүйенсек, заңсыз айналымнан 3 «Калашников» автоматы, 3 гранатаатқыш, 2 жауынгерлік граната, 14 пистолет, 1700-ден астам патрон мен қарудың керек-жарақтары алынды.
"Алматы қаласы мен Алматы облысының 10 тұрғыны қылмыстық жауапкершілікке тартылды.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ішкі істер органдары қызметкерінің қылмыстық құқық бұзушылыққа қатысу фактісі анықталды. Лауазымды адам ҚР ІІМ теңгерімінде тұрған оқ-дәрілерді ұрлауды жүзеге асырған", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, қару құрастыру бойынша жасырын шеберхананың әрекеті тоқтатылды.
2020 жылғы 27 қаңтарда Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының үкімімен сотталушылар әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”