AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ұстаздарға ерекше алғыс айтылды

Елорданың орталық саябағында ұстаздарға алғыс айту мақсатымен "Ризамыз: Ұстаз" фотокөрмесі ашылды.

Нұр-Сұлтан қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында қазақстандық мұғалімдерге арналған "Ризамыз: Ұстаз" фотокөрмесі ұйымдастырылды. Қаланың орталық саябағындағы "Атырау" көпірін 2021 жылдың 10 қыркүйегіне дейін педагогтердің жүз портреті безендіріп тұрмақ.

Көрмеде ілінген кейіпкерлеріміз – 29 мұғалім Instagram әлеуметтік желісі арқылы таңдалса, 71 адамды білім беру құрылымдары ұсынған. Еліміздің 600 мың педагогінің әрқайсысы алғыс айтуға әбден лайық. Іс-шараны ұйымдастырушылардың алдында солардың ішіндегі ең лайықтыларын таңдау міндеті тұрды. Осы жүздеген адамның әрқайсысы –  мол тәжірибесі бар үлкен жүректі кәсіп иелері ғана емес, сонымен қатар балалар үшін адамгершіліктің үлгісіне айналған жандар. Бұл өмірге жолдама беретін, шабыттандырып ынталандыратын, өршіл мақсаттарға жетуге үйрететін ол – ұстаздар.

Олардың қатарында Темірболат Галеұлы Жұмағұлов бар. Елордадағы №1 лицейдің мұғалімі жарты ғасырлық еңбек жолында халықаралық және республикалық олимпиадаларға мыңдаған шәкірт дайындаған. Әйгілі лицейде оқығандардың арасында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов те бар.

Көлік және коммуникация колледжінің оқытушысы Лариса Матвеева Грекиямен халықаралық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Кассандрия әкімдігінің алғыс хатымен, сонымен қатар "Ы.Алтынсарин" төсбелгісімен," Білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін" халықаралық энциклопедиясының медалімен марапатталды. Ұстаздың 32 жыл бойы оқытқан теміржолшылары оған үнемі ризашылықтарын білдіріп отырады. 

Шымкент қаласындағы №74 орта мектептің мұғалімі Ақбөпе Қалшабайқызы Лесованың балалар мен өз мамандығына деген сүйіспеншілігі оның үйінен мектепке дейін жетуі үшін күн сайын 12 шақырымды еңсеруіне көмектеседі. Ол аптап ыстыққа да, жаңбыр мен қақаған аязға да қарамастан, шәкірттеріне өз білімімен бөлісуге асығады. Оқушылар Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне арналған олимпиада мен "KИO" интернет-олимпиадасының, сонымен қатар басқа да түрлі байқаулардың жүлдегерінен үлгі алады.

Алматы қаласындағы "Білім-Инновация" лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Асылбек Амангелдіұлы Боранбай – бағдарламалау бойынша халықаралық, республикалық және қалалық олимпиадалардың жүлдегерлерін дайындауда рекорд жасаушы. Оның шәкірттері – 150-ден астам алтын, күміс және қола медаль иегерлері. Бәлкім, жақын арада олардың есімдері Кремний алқабында белгілі болып қалар. 

"Мынадай бір қызықты аңыз бар. Ұстаз дүние есігін ашқан кезде оның бесігіне 3 періште ұшып келген екен. Біріншісі: "Сен әрқашан жас болып қаласың, өйткені айналаңда үнемі балалар жүреді", – депті. Екіншісі: "Данышпан боласың, өйткені сен біліміңмен бөлісесің", – деген екен. Үшіншісі: "Сен әрқашан бақытты боласың, себебі шәкірттерің өзіңнен асып түседі", – депті. Мен шығармашылық иелерінің, суретшілер мен жазушылардың өз шығармаларының кейіпкері ретінде ұстаздарды таңдайтын қазіргі заманғы үрдісті өте құнды әрі дұрыс деп есептеймін, өйткені балаларды күнделікті тәрбиелей отырып, оларға рухани құндылықтар мен білімнің берік іргетасын қалап жатқан жандар – мұғалімдер", – дейді BINOM SCHOOL Басқарушы компаниясының директоры (BI Group компаниясының білім беру жобасы) Шолпан Қадырова.

"Ризамыз: Ұстаз" көрмесін ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен BI Group инновациялық құрылыс холдингі ұйымдастырып отыр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр