Қазақстанда ұшақ билетінің бағасы бір жылда 17 пайызға өсті
Қазақстанда бір жылда әуе көлігімен сапарлау құны 17 пайызға қымбаттаған. Екі өңірде билет бағасы 50 пайыздан астам деңгейде өсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

2022 жылғы желтоқсан айының қорытындысы бойынша әуе көлігімен жолаушылар тасымалы қызметінің құны жыл ішінде 16,8 пайызға өсті.
Өңірлер тұрғысында Батыс Қазақстан облысында – 67 пайыз, Абай облысында – 57,3 пайыз, Қостанай облысында 43,2 пайыз өсім байқалды.
Қазақстандағы өңірлер арасында тек Ұлытау (20,8 пайызға) және Алматы (3,9 пайызға) облыстарында билет арзандаған.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2023 жылы халықаралық жаңа рейстер ашылатынын хабарлады. Осыған дейін коронавирус індеті салдарынан бірқатар рейстер шектелген болатын. Қазіргі уақыта ішкі жолаушылар тасымалы бойынша бұрынғы кесте қалпына келтірілді.
Сонымен қатар 108 бағдар аясында 30 елге халықаралық рейстер де қайта қосылды.
Павлодарды "біздікі" деген ресейлік стример Fassoollka жауапқа тартыла ма? Заңгер түсіндірді
Ресейлік стример Fassoollka-ға мемлекет неге үнсіз және оны қандай жаза күтіп тұр?
Қазақстандық сызылған пауэрбанкіне байланысты ұшаққа отыру кезінде қиындыққа тап болды
Әуежай өкілі: "Құрылғының бұған дейін әуе көлігімен бірнеше рет тасымалдануы қауіпсіз екеніне кепілдік бермейді"