Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар YouTube-ті енді жарнамасыз көре алады: Мұндай мүмкіндік үшін қанша төлеу керек

Қазақстандықтар енді YouTube Premium жазылымына қол жеткізе алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дизлайк

Фото ашық дереккөзден

YouTube-тің premium-аккаунтына қол жеткізгендер бейнелерді жарнамасыз және фондық режимде көре алады, интернетке қосылмай көру үшін бейнелерді сақтай алады және басқа да бірқатар мүмкіндіктерге ие болады.

Қазақстандықтарға YouTube Premium жазылымының бірнеше нұсқасы ұсынылды: жеке, отбасылық және студенттерге арналған. Дегенмен, YouTube Premium бағасы қай құрылғыдан жазылғаныңызға байланысты екенін атап өткен жөн. iPhone телефонында жеке жазылым айына 3500 теңге, ал компьютерде айына 2700 теңге тұрады деп көрсетілген.

Бұл жаңалық туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин де хабарлады.

Ол өткен жылдың наурыз айында Кремний алқабына жұмыс сапары барысында мен Youtube өнімдерін басқару жөніндегі вице-президент Адам Смитпен кездесіп, сервистің Қазақстанда іске қосылуын талқылағанын айтады.



“Ал бүгін мен сіздерге керемет жаңалықты бөліскім келеді. Қолданушылар мен контент жасайтындарға жаңа мүмкіндіктер ашатын YouTube Premium енді Қазақстанда. Бұл оқиға –  елдің цифрлық инфрақұрылымын дамыту мен оны жаһандық желіге біріктіруде жасаған елеулі қадам.

Басқа қызметтермен қатар YouTube Premium-ді қолдану бейне мен музыкалық мазмұнға жарнамасыз шексіз қол жетімділікті, бейне материалдарды офлайн режимде көру үшін оны жүктеу мүмкіндігін және басқа қосымшаларды қатар қолдану кезінде оны фондық режимде де тыңдау мүмкіндігін қамтамасыз етеді”, – дейді министр.

Бағдат Мусин сондай-ақ қазір цифрлық экономиканы дамыту мен Қазақстандағы жергілікті контент-жасаушыларды қолдау мүмкіндіктері күн тәртібінде екенін атап өтеді.

Бұған дейін қазақстандық әйелге әлеуметтік желідегі видеосы үшін 664 мың теңге айыппұл салынғаны белгілі болған.

Талқылау