Қазақстанда вакцина салу орталықтары 24:00-ге дейін жұмыс істейтін болды
Қазақстанда вакцинация пунктері 24:00-ге дейін жұмыс істейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен айтып берді.
"Бүгін үкімет отырысында осы пункттердің жұмысын сағат 24:00-ге дейін ұзарту туралы шешім қабылданды", - деді Бақтияр Мәкен.
Оған қоса, Бақтияр Мәкен Нұр-Сұлтанда вакцина салу пунктерінің саны артатынын жеткізді.
"Қала медициналық ұйымдарда егу пункттерінің санын 50-ден 100-ге дейін көбейтті", - деді Бақтияр Мәкен.
Талқылау