Қазақстанда үздік үкіметтік емес ұйымдар арасында байқау жарияланды
Қазақстанда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үздік үкіметтік емес ұйымдар арасында байқау жариялайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстанда 20 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым қызмет етеді. Олардың саны жыл сайын артып келеді. Жақсылық жасайтын әрқайсымыз үшін жалғыз емес екенімізді, қоғам өміріндегі орнымыз бен қажеттілігімізді сезіну маңызды.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген үкіметтік емес ұйымдарға арналған ұйымдарға сыйлықақы беру дәстүрлі байқауын жариялайды. Үкіметтік емес ұйымдарға арналған сыйлықақы мемлекет тарапынан қолдау көрсетудің тиімді тетігі.
Жылда сыйлықақы 15 қызмет бағыты бойынша үздк үкіметтік емес ұйымдарға беріледі. Егер үкіметтік емес ұйымыңыз қоғам өміріне белсенді қатысса, өз саласында көшбасшы болса, жаңашыл идеяларды іске асырса, әлеуметтік мәселелерді шешуге елеулі үлес қосса, үздік үкіметтік емес ұйымдар байқауына қатысуға шақырамыз.