Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

25%-ға дейін азаюы керек еді: Қазақстанда үш жылда мемлекеттік қызметкерлер саны небәрі 7 пайыз қысқарған

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Салауат Мүксімов Қазақстанда қазір 82 мың 951 мемлекеттік қызметкер бар екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: magmer.ru

"За нами уже выехали" Telegram-арнасының мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылға қарай мемлекеттік қызметкерлердің саны төрттен бір есеге азаюға тиіс еді.

Айта кетейік, 2020 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компания жұмысшыларының санын қысқарту керектігін, 2024 жылға дейін еліміздегі мемлекеттік қызметкерлер санын 25 пайызға қысқартуды тапсырған болатын. 



Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің хабарлауынша, елімізде 2020 жылы мемлекеттік қызметкерлер саны 89 мың болды.

"Биыл қысқартуды ескерсек, олардың саны шамамен 67 мың адам болуы керек еді. Қысқарту 25% емес, 7% азайған екен. Бәлкім, ұлттық компаниялардың штаты айтарлықтай қысқарған шығар, бірақ біз мұнда керек көрсеткішті таппадық", – делінген хабарламада.

Талқылау