Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда үш күнде коронавирусы бар 3000-нан аса адам анықталды

Қазақстанда үш күн ішінде коронавирусты 3 007 адам жұқтырды, сырқаттанғандар саны 1,6 есеге артты. Бұл туралы денсаулық сақтау министрінің міндетін уақытша атқарушы Ләззат Ақтаева мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Осы аптаның үш күнінде, 15 мен 17 маусым аралығында жағдай қолайсыз деп сипатталды.  3 007 жағдай тіркелді – 1 068 симптомдармен және 1 939 симптомсыз. Ал өткен аптаның ұқсас кезеңінде, яғни 8-10 маусымда - 1 871 жағдай, 1,6 есеге өсті", - деді Ақтаева.

Шымкент қаласы мен Маңғыстау облысын қоспағанда, 15 өңірде 1,2 - 6 есе өсім байқалды.

Ақмола облысы - өсім 6 есе (19 болды, 115 науқас тіркелді)
Түркістан облысы - 5 есе (43/219)
Қостанай облысы - 3,1 есе (19/59)
Павлодар облысы - 2,6 есе (43/114),
Нұр-Сұлтан - 2,2 есе (221/503)
Атырау облысы - 2 есе (153/306)
Ақтөбе облысы - 1,8 есе (70/126)
Қызылорда облысы - 1,5 есе (50/79)
Алматы облысы - 1,5 есе (112/176)
Батыс Қазақстан облысы - 1,4 есе (124/185)
Солтүстік Қазақстан облысы - 1,4 есе (42/58)
Жамбыл облысы - 1,3 есе (51/68)
Қарағанды облысы - 1,3 есе (307/411)
Шығыс Қазақстан облысы - 1,2 есе (67/85)
Алматы қаласы - 1,1 есе (231/266).

Жалпы соңғы аптада, 8-14 маусым аралығында республикада 5 485 коронавирусы бар науқас тіркелген.

Алдыңғы аптамен салыстырғанда, яғни 1-7 маусым аралығы, аурушаңдық 1,9 есеге – 2908-ден 5485-ке дейін өсті.

"Жағдайдың жалпы санының 44%-ы немесе 2 422-і байланыста болған адамдар арасында тіркелген, 36%-ы немесе 1989-ы жүргізілген кәсіби тексеру барысында, 19%-ы немесе 1035-і ЖРВИ-мен ауыратын науқастар арасында, 1%-ы немесе 39-ы сырттар әкелінген", - деді Ақтаева.

Бұл ретте, аурудың белгілері бар жағдайлардың саны 1,3 есеге, 1551-ден 1950-ге дейін өсті және жұқтырудың жалпы санының 35,5%-ын құрады. Симптомсыздардың саны 2,6 есеге, 1357-ден 3535 оқиғаға дейін немесе жалпы санның 65%-ына дейін артты.

STAN.KZ
Жұма, 19 Маусым, 2020 09:09
Талқылау