Қазақстанда үш қаланың тұрғындарына ауа сапасының нашарлауына байланысты ескерту жасалды
Фото: Ашық дереккөзден
Синоптиктер 12 қазан күні Қазақстанның үш қаласында ауа сапасының нашарлау қаупі бар екенін ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Қазгидромет” мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтау мен Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Өскемен қаласында болжанады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – бұл атмосфераны ластаушы заттардың ауада таралуына кедергі келтіретін жағдайлар. Мұндай кезде желдің жылдамдығы төмендейді, ауа қабаттары араласпайды, тұман немесе инверсия (жылы ауа қабатының суық ауаның үстіне түсуі) пайда болады. Соның салдарынан зауыттардан, көліктерден және басқа көздерден шыққан түтін мен газдар ауада жиналып, ауа сапасы нашарлайды.
ҚМЖ кезінде қала тұрғындарына, әсіресе автожолдар мен басқа да ластану көздерінің маңында, ашық ауада болу уақытын шектеу ұсынылады. Ал өкпе, жүрек-қан тамырлары және аллергиялық созылмалы аурулары бар адамдар ашық ауада жүрген кезде қажетті дәрі-дәрмектерін өзімен бірге алып жүруі керек.
Еске салсақ, бұған дейін ауаны қорғау мақсатында Алматыда отшашу атуға, от пен көмір жағуға тыйым салынатыны туралы жазған едік.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
