Қазақстанда ҰБТ форматы ауыстырылды
ҚР білім және ғылым министрлігі ҰБТ форматын ауыстыратын болды. Бұл туралы баспасөз мәслихатын өткізген ҚР БҒМ білім және ғылым саласын бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрбек Оршыбеков айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзінше, министрлік әлеуметтік сауалнама жүргізіп көпшіліктің пікіріне құлақ асқан. Сауалнамаға 10 мыңнан астам мұғалім, ата-аналар, түлектер атсалысыпты.
“Бұл қазір қолданылып жүрген ҰБТ форматының проблемаларын анықтауға көмектесті. ҰБТ-ны өткізу тәжірибесі мұны көпшіліктің тек ЖОО-ға түсер алдындағы емтихан деп қабылдайтынын көрсетті. Қорытынды аттестация функциясы орындалып жатқан жоқ”, – деді Нұрбек Оршыбеков.
БҒМ өкілі қатысушылардың саны ешқашан жүз пайыздық межені толтырмағандарын да айтып өтті. Жыл сайын ҰБТ-ға қатыспайтындар саны 30 пайызға жетеді. Бұл ҰБТ қорытындысы бойынша еліміздегі орта білім сапасы туралы қорытынды жасауға болмайтынын көрсетеді. Осыған байланысты министрлік жұмысты екі бағытта жүргізуде: біріншісі – емтихандардың бітіру емтихандарына бөлінуі және ҰБТ. Екіншісі – ҰБТ құрылымын өзгерту.
“Министрлік көптеген жиындардың, іссапарлардың қорытындысы бойынша үлкен сараптама жасады. Осы жұмыстың нәтижесі бойынша министрлік ҰБТ-ны екі кезеңге бөлу туралы шешім қабылдады. Қорытынды аттестация – мектептердегі бітіру емтихандары және ҰБТ – жоғарғы оқу орнына түсу емтиханы”, – деді Оршыбеков.
Мектептердегі қорытынды аттестация 5 пән бойынша өткізіледі. Оның төртеуі міндетті, ал біреуі оқушының таңдауы бойынша. Министрлік өкілі мұндай емтихандар қазір барлық мектептерде бар екенін айтты, яғни, оны ҰБТ-ға қатыспайтындар тапсырып жүр. Сондықтан бұл жерде жаңа ештеңе жоқ. Барлығы мұғалімдер мен оқушыларға таныс жүйе. Бұған дейін сұрақтарды облыстық білім басқармасы дайындаса, енді тестік сұрақтарды Ұлттық тестілеу орталығы дайындайды. Ал “Алтын белгі” жүйесі мектептерде жүзеге асырыла береді. Ол ҰБТ-да талап етілмейді. ҰБТ университетке түсу емтиханы ретінде қала береді.
Ал ҰБТ-ның форматы қалай өзгермек? Бұрын 5 пән бойынша 125 сұрақ болатын. Ал 2017 жылдан бастап 120 сұрақ болады. Барлық сауалдар 5 пән бойынша қойылады. Оның үшеуі міндетті, ал екеуі профилді пән бойынша. Осы ретте ЖОО-дағы барлық 175 мамандық профилді пәндер тұрғысынан 10 комбинацияға бөлінген. Профилді пәнді талапкер өзі таңдайды.
ҰБТ 1 маусым мен 1 шілде аралығында өтеді, ал кешенді тес 17 шілде мен 23 шілде аралығында. 2017 жылдың тамыз айы мен 2018 жылдың қаңтар айларында ҰБТ-ны қайта тапсыру мүмкіндігі де сол күйі қала береді. Ең төменгі балл 50.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандық шенеуніктердің татуировка салып жұмыс істеуіне рұқсат берілді
Бекболат Тілеухан ұшақ салондарында қазақ әуенінің ойнап тұруын талап етті
АҚШ-тағы президент сайлауында Дональд Трамп жеңіске жетті
Павлодар облысында сәбиге қойылған Бату-Хан есімі үлкен дау тудырды