AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
AAPL
140.52 $
0.11 %
TSLA
658.8 $
4.88 %
NDAQ
147.5 $
0.59 %
GOOGL
2116.1 $
-0.16 %
FRHC
40.13 $
0.96 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұтқында отырып, еліне оралған Викрам Рузахуновқа ота жасалды

Қырғызстандық музыкант Викрам Рузахуновты Қазақстанда қауіпсіздік күштері көрсеткен қысымнан кейін ота жасатуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол желідегі парақшасында жағдайының орташа ауыр екенін айтты. Қазақстандағы оқиғалардан кейін Рузахуновқа кеуде қуысының жарақаты, қабырғаның сынуы, пневмоторакс, мидың шайқалуы диагноздары қойылған. Музыкантқа ота жасалды, қазір ол ауруханада жатыр.

"Осы уақытқа дейін мен қазақстандық БАҚ-тың сенсациялық видеосының қаншалықты резонанс тудырғаны туралы хабарым болған жоқ. Өйткені тұтқындау кезінде олар менің ұялы телефонымды, барлық заттарымды, ақшамды, жеке куәлігімді, жүргізуші куәлігімді, банк картамды алып алды. Артынша ештеңе қайтарылмады, бәрі жұмбақ жағдайда жоғалып кетті", – деді Рузахунов.

Ол бұл мәлімдемені Қазақстанда қамауда отырған барлық Қырғызстан азаматын құтқару үшін жасағанын айтты. 

Еске салайық, Қазақстандағы тәртіпсіздіктер кезінде он қырғызстандық ұсталған болатын. Сонымен қатар Қырғыз Республикасының екі азаматы қаза тапты. Ұсталғандар арасында белгілі музыкант Викрам Рузахунов та бар.

Қазақстандық қауіпсіздік қызметкерлері беті көгерген оның қылмысын мойындап жатқан видеосын жариялады. Музыкант жанжалдан кейін босатылды. Викрам босап шығу үшін өтірік айтқанын хабарлады. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр