AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
AAPL
164.87 $
-0.29 %
TSLA
871.27 $
0.78 %
NDAQ
182.85 $
0.43 %
GOOGL
117.3 $
-0.14 %
FRHC
54.37 $
-4.46 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұтынушыларға жылу үшін 490 миллион теңгеге жуық қаржы қайтарылады

Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті тұтынушыларға жылу үшін 490 миллион теңгеге жуық қаражат қайтарылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жылу

Қазақстанның барлық өңірі бойынша жылу энергиясын есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау қызметтерінің құнын қайта есептеу бойынша жұмыстар жүргізген. Жұмыс қорытындысы бойынша қайта есептеу нәтижесінде жылу маусымында (2022-2023 жылдары) немесе күнтізбелік жыл үшін (2022 жылдың соңына дейін) қаражатты қайтару халықтың жеке шотында көрсетіледі және аванс (сальдо) түріндегі жеке жолда жазылады.

“Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар туралы заңнаманың нормаларына сәйкес табиғи монополия субъектісі сырттағы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметтің құнын тұтынушыларға тікелей не тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда жылу энергиясымен жабдықтау бойынша реттеліп көрсетілетін қызметке ақы төлеу кезінде тарифті төмендету арқылы қайта есептеуді жүргізуге мiндеттi”, – делінген комитет хабарламасында. 

Осылайша, өткен 2021-2022 жылдардағы жылыту кезеңінде жылумен жабдықтау бойынша қызмет көрсететін табиғи монополия субъектісі жылу энергиясының төлеміне ҚҚС-ты ескере отырып жалпы сомасы 489 950 250 теңгеге қайта есептеу жүргізген. 

Мәліметке сәйкес, ең көп сома Шығыс Қазақстан облысында қайтарылады (186 251 070), ал ең аз сома – Батыс Қазақстан облысында (786 580).

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр