Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тұтынушылар құқығын бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салу ұсынылды

Елімізде тұтынушылар құқығын бұзған кәсіпкерлерге айыппұл салу ұсынылды. Мәжілісте сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев бизнестің жауапкершілігін арттыруға және халықтың тұтынушы құқығын қорғауға бағытталған "Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы" заң жобасын таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Кәсіпкерлерге жүгінгенде құқығы бұзылған және сотқа дейінгі сатыда шешілмеген тұтынушының пайдасына сотпен айыппұл түріндегі кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін енгізу ұсынылып отыр. Айыппұл тұтынушының талап-арыз сомасының 10%-дан 50%-ға дейінгі мөлшерінде. Талап сомасы неғұрлым аз болса, жоғарыда көрсетілген шектерде айыппұл соғұрлым жоғары болады", - деді вице-министр.

Айыппұл мөлшері тұтынушының талап қою сомасының 10% - дан 50% - на дейін құрайды. Шағым сомасы неғұрлым аз болса, айыппұл мөлшері соғұрлым жоғары болады.

“Бұл сатушыны тұтынушымен дауды өзі шешуге итермелейді, өйткені ол оны сотқа жеткізе алады. Сот кәсіпкердің қанша айыппұл төлейтінін белгілейді. Содан кейін кәсіпкер төленген тауар сомасын, айыппұлды және сотқа байланысты шығынды өтеуі керек болады",- деп түсіндірді Қайрат Балықбаев.

Мұндай норма сатушыны өз дауын сотқа дейін апарып, шешуге стимул береді дейді ол. Бұған дейін Қазақстанда мұндай тәсіл болмаған.

Талқылау