AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
AAPL
169.24 $
2.62 %
TSLA
883.07 $
3.89 %
NDAQ
186.6 $
1.87 %
GOOGL
119.7 $
2.63 %
FRHC
57.56 $
7.61 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Аз қамтылған қазақстандықтардың тұрғын үйді жалға алу ақысының жартысын төлеп береді: Бағдарламаға өзгеріс енгізілді

Жалға беруді субсидиялау бағдарламасы енді тұрғын үй кезегінде тұрғандардың одан да көп санын қамтитын болды. Бұл тізімге тағы төрт санат енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Отбасы Банкіне” сілтеме жасап. 

тургын уй

Бұрын otbasybank.kz платформасына тек SMS-хабарлама алғандар ғана өтінім бере алатын. Бұл хабарламалар уәкілетті орган қарастырған және жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған тұрғын үй үшін азаматтардың жекелеген санаттарына төлемдерді тағайындау және жүзеге асыру қағидаларының талаптарына сәйкес банкке берілген тізім бойынша таратылды.

Енді бұл тізімге төрт санат бойынша тұрғын үй кезегінде тұрған 70 мың адам енгізілді:

  • 1-ші және 2-ші топтағы мүгедектер;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім балалар;
  • көпбалалы отбасылар.

Жәрдемақы алушылар да тұрғын үйді жалға алу бойынша субсидияларға үміткер бола алады

Тағы бір талап – жалға алу субсидиясын алуға үміткер отбасының жиынтық табысының мөлшері сәйкес келуі керек. Соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесіне шаққандағы табысы 1 ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан (37 389 теңге) аспауы тиіс.

2022 жылғы 4 шілдеден бастап бағдарлама талаптарына сай келетін қазақстандықтар otbasybank.kz сайттында субсидиялауға өтінім бере алады. Ол үшін ЭЦҚ болуы қажет. "Отбасы банктен" СМС-хабарлама күтудің қажеті жоқ.

Сондай-ақ “Отбасы банкте” әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларға қатысты жағдай қаралып жатыр. Осы себепті бағдарламаның 1000-нан астам қатысушысы өткізілмеген.

"Қазір заңнама деңгейінде өзгерістер енгізілуде. Олар күшіне енетін күнді банк қосымша хабарлайды. Сол кезден бастап әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар табыс ретінде қарастырылмайды. Сондықтан бұрын осы себеппен бас тартқан азаматтар қайтадан өтінім беріп, субсидиялауға үміткер бола алады", - деп нақтылады банкте.

Жалға беруді субсидиялауға республикалық бюджеттен  40 млрд теңге, жергілікті әкімдіктерден 10 млрд теңге бөлінеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр