Қазақстанда тұман салдарынан 9 аймақта дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның тоғыз өңірінде тұман салдарынан дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің мәліметінше, 14 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Сондай-ақ, Қостанай, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
14-16 желтоқсанда Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады.
14 желтоқсанда Ақмола облысында кей жерлерде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.
Түркістан облысы мен Шымкентте де тұман түседі деп болжануда.
14 желтоқсан күні күндіз Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел тұрып, кей жерлерде секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.
Батыс Қазақстан облысында да тұман түседі.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”