Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда туризмді қолдауға 164 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінбек

Қазақстанда туризмді қолдауға 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

Мәдениет және спорт вице-министрі Ғабидолла Әбдірахымовтың айтуынша, "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" заң жобасы аясында жаңа ынталандыру шаралары әзірленді.

"Шаралар пакеті мәжіліске жіберілді, 2025 жылға дейін 163,7 миллиард теңге сомасы алдын ала мақұлданды. Шаралар шеңберінде туроператорларға әр шетелдік туристік және балаларға арналған ішкі рейстерге субсидия беру, инвесторлардың туристік нысандар мен жол бойындағы қызмет көрсету нысандарын салу кезінде тау шаңғысы курорттары мен туристік автобустарға жабдықтар сатып алуға кеткен шығындарын өтеу, сондай-ақ туристік бағыттардағы санитарлық-техникалық құрылғыны күтіп-ұстауға субсидия беру", - деп хабарлады мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында Әбдірахымов.

Оның айтуынша, заң жобасы мәжілісте екінші оқылымнан өтті, жақын арада сенатқа жіберіледі.

Талқылау