Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тұрғын үйі арзан Қазақстанның бес қаласы анықталды

Елімізде баспана іздеушілердің басым бөлігі Krisha.kz сайтын пайдаланады.  Сайт осы жылдың қаңтарында тұрғын үй бағасы ең төменгі қалалар тізімін жасады.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Бесінші орынды Шығыс Қазақстанның бас қаласы Өскемен иеленді. Сатушылардың белгілеген бағасы бойынша шаршы метр орташа есеппен 165,4 мың теңгеге бағаланды. Бұл Алматы мен Астана қалаларынан 2 есе арзан. Бұл өңірде 40 шаршы метрлі пәтер орта есеппен 6,6 миллион теңге тұрады. Өскемендегі 80 шаршы метрлік үш бөлмелі пәтердің бағасы Астана, Алматы қалаларындағы бір бөлмелі пәтерден де арзан.

Өскеменде тұрғын үй алушылар  5-6 миллион теңгеден қымбат пәтер іздемейді.

Төртінші орында Семей қаласы тұр. Бұл қалада тұрғын үй бағасының шаршы метрі 160,4 мың теңге. Бір бөлмелі пәтер сатып алу шамамен 6,4 миллион теңгені құрайды. Ал көп бөлмелі пәтерлер 12,8 миллион теңге тұрады.

Үшінші орында Павлодар. Бұл қалада тұрғын үйдің шаршы метрі шамамен 159,5 мың теңге.

Тұрғын үй арзан қалалардың тізіміне Ақтөбе екінші болып кіріп тұр. Мұнда пәтердің шаршы метрі 155 мың теңге.

Сонымен елімізде тұрғын үй бағасы ең төмен қала Тараз екені анықталды. Бұл қаладағы пәтердің ауданы 151,9 мың теңгені құрайды

Орташа алғанда, Семейде, Павлодарда, Ақтөбеде және Таразда бір бөлмелі пәтер шамамен 6 миллион теңге тұрады. Ал үш бөлмелі пәтер 12 миллионға бағаланады.

Жіберіп алмаңыз:

Еліміздегі ең сұлу полицей арулар (фото)

Оралда пара алған полиция қызметкерлері түрмеге отырмау үшін 52 миллион төлеуі тиіс

Танымал фотографқа Көктөбені суретке түсіруге тыйым салынды

Ақтауда 21 жыл бұрын бөлімшеден қашып кеткен әскери қызметкерке мемлекетаралық іздеу жарияланды

Талқылау