Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда түнгі клубтардың ашылуына рұқсат берілмек

Қазақстанда түнгі клубтар Ashyq жүйесінде "жасыл" мәртебесі бар келушілер үшін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

түнгі клуб

Шешім коронавирустық инфекцияның таралмауы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қабылданды.

Сонымен қатар, әрбір санитарлық-эпидемиологиялық аймақ бойынша олар түнгі клубтардың болуына шектеулер қоймақ:

- "жасыл" аймақта - 100 адамнан аспауы тиіс;

- "сары" аймақта - 70 адамнан аспауы тиіс;

- "қызыл" аймақта - 50 адамнан аспауы тиіс.

Сондай-ақ, Ashyq жобасына қатысушыларға жеңілдіктер қарастырылып жатыр.

"Енді Ashyq жобасының қатысушылары сағат 3.00-ге дейін, ал көшбасшы - жасыл аймақта 5.00 -ге дейін және сары аймақта сәйкесінше 1.00 және 3.00 -ге дейін жұмыс жасай алады. Біз бас санитарлық дәрігерлердің қаулыларына өзгеріс енгізуін күтеміз", - деді" Атамекен" басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев.

Шешім Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 13 Қазан, 2021 20:01
Талқылау