Қазақстанда туған қыз әлемді таңғалдыруда: 21 жекпе-жек – 21 жеңіс (фото)

Қазақстанда өмірге келген, бұл күндері Германия атынан шығып жүрген 26 жастағы Кристина Хаммер орта салмақта WBC және WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы деген атақты қорғады.

bc692b452c849df1b248725fd12c667a

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

Бірнеше күн бұрын боксшы қыз Дортмунд қаласында швециялық Мария Линбергпен қолғап түйістірген. 10 раундтың қорытындысы бойынша барлық төрешілер жеңісті Хаммерге берді: 100-90, 100-90, 100-90.

f517b2969c7321ed35ef5547ae50cd35

Осылайша Кристина тоғызыншы рет WBO титулын, ал алғаш рет WBC титулын қорғап отыр. Ал бұл Кристинаның 21-ші жекпе-жегіндегі 21-ші жеңісі (18 нокаут).

c5bf919cd276aef77151d91336e23583

“Бұл мен үшін керемет кеш болды. Менің 21-ші жеңісім. Қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Мен орта салмақтағы WBC және WBO чемпионымын және жылдың үздік боксшысымын”, – деп жазды Хаммер желідегі парақшасында.

a432b4dad46d819d1e1bc258b8c10558

Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысындағы Новодолинка ауылында дүниеге келген.

ce5b75f695a636e96b2c31145773a7eb

Бала кезінде ата-анасымен Германияға көшіп, Дортмунд қаласында өседі.

7e61a17dd8da7fba56023f647ccab649

Алғаш рет бокспен 15 жасында танысып, арада бес жыл өткенде кәсіпқой бокстан әлем чемпионы атанады.

70a9024f43d70a8b3d262cdcff62168a

Неміс қызы қазақстандық Геннадий Головкинді кумир тұтады.

Оқи отырыңыз:

Қанат Ислам ринг төрінде кішкентай балақайдың тұсауын кесті (фото)

Ермаxан Ыбрайымов: Головкиннің жасы сыр бере бастаған секілді

Танымал әнші Қанат Исламның жетекшілігімен жаттығып жүр (видео)

Роналду Мадейра әуежайында өзінің “үрейді ұшыратын” ескерткішін ашты

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр