Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ұлттық Банкі тікбұрышты монеталарды айналымға шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2016 жылғы 20 желтоқсанда «proof» сапасымен 500 теңгелік және 50 теңгелік жаңа монеталарды айналысқа енгізді, деп хабарлайды Stan.kz.

С-Днем-рождения-реверс

Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі баспасөз қызметі хабар таратты. «Монета – сыйлық» монеталар сериясынан номиналы 100 теңгелік «Туған күніңмен», «Жүректен жүрекке» монеталар сериясынан номиналы 500 теңгелік «Махаббат» ескерткіш күміс монеталарын және нейзильбер қоспасынан «Қазақстанның қалалары» монеталар сериясынан номиналы 50 теңгелік «Петропавл» ескерткіш монеталары қолданысқа шығарылып отыр.

«Туған күніңмен» монетасы «Монета – сыйлық» монеталар сериясын жалғастыратын тік бұрышты үшінші монета болып табылады. Монета реверсіне тампографиялық мөрді қолдана отырып дайындалған. Әрбір монетаға міндетті түрде қоса берілетін сапа сертификатында жазбаша, атаулы құттықтауға арналған бірнеше бос жол көзделген.

Махабат-аверс

Монетаның пішіні тік бұрышты. Монетаның бет жағында (аверсінде) сүргіш таңбасының қоршауындағы стильдендірілген гүл бейнеленген, оның үстінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар. Гүлдің ортасында Қазақстан Республикасының елтаңбасы орналасқан. Оң жағында өрнектелген розетка, монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба, соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан және монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазу бар. Сол жағында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан.

Махабат-реверс

Монетаның реверсінде ортасында сары гелиантустардан тұратын гүл шоғы түріндегі композиция бейнеленген. Монетаның жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілдегі «ТУҒАН КҮНІҢМЕН!», төменгі бөлігінде орыс тіліндегі «С ДНЕМ РОЖДЕНИЯ!» деген жазба бар. Түсі тампомөр технологиясы арқылы орындалған. Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) тегіс, бедері мен жазуы жоқ.

С-Днем-рождения-реверс

Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31 грамм, тік бұрышы 45х30 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 5 мың дана.

С-Днем-рождения-аверс

«Махаббат» монетасы монеталарда адамзатқа ортақ құндылықтарды көрсетуге және оларды адамнан адамға, жүректен жүрекке өзіндік бағдар ретінде жеткізуге арналған серияның екінші монетасы.

Петропавл-аверс

Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ішіне ою-өрнек салынған жүректің стильдендірілген бейнесі, монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба, монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін «Ag 925 31,1 g» деген жазба және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» және ағылшын тілінде «NATIONAL BANK OF KAZAKHSTAN» деген жазу бар.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте екі ғашықтың алтындатылған бейнесі, мемлекеттік тілде «МАХАББАТ», орыс тілінде «ЛЮБОВЬ» деген жазба және соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, онда мемлекеттік тілде «ЖҮРЕКТЕН ЖҮРЕККЕ», орыс тілінде «ОТ СЕРДЦА К СЕРДЦУ» және ағылшын тілінде «FROM HEART TO HEART» деп жазылған.

Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген. Қыры (гурты) бедерлі. Монета 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1± 0,31 грамм, диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», ең көп таралымы – 3 мың дана.

Петропавл-реверс

«Петропавл» монетасының сипаттамасы. Монетаның бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Жоғарғы бөлігінде ою-өрнекті сегіз бұрышты розетка, төменгі бөлігінде – ұлттық ою-өрнек элементі. Номиналдың оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Айналдыра шығыңқы жиек. Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Петропавл қаласының гербі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу, монетаның соғылған жылын білдіретін «2016» деген сан және шығыңқы жиек жүргізілген.
Монеталардың бет және сырт жақтарындағы бейнелер мен жазбалар бедерленген.
Қыры (гурты) бедерлі.

Монеталар «нейзильбер» қоспасынан жасалған, диаметрі – 23 мм, массасы – 4,71 грамм, таралымы – 50 мың дана.

Номиналы 50 теңгелік, 100 теңгелік және 500 теңгелік ескерткіш монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Ескерткіш монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталардың дизайны Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 25 қыркүйектегі № 1193 Жарлығымен бекітілген Қазақстан теңгесі – ұлттық валюта банкноттары мен монеталары дизайнының тұжырымдамасына сәйкес әзірленген.
«Proof» сапасымен жасалған монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған. Олар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Нейзильбер қоспасынан жасалған монеталардың бір мың данасы жақсартылған сапамен дайындалған және сату үшін арнайы пластикалық термовакуумды орауға салынған.

Монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық филиалдарында, ал күмістен жасалған монеталарды ҚРҰБ-ның www.nationalbank.kz сайтының «Монеталардың Интернет-дүкені» интернет – дүкені арқылы сатып алуға болады. Алматы қаласында мына мекенжай бойынша сатып алуға болады: Панфилов көшесі, 98. Анықтама үшін телефоны +7 (727) 273-83-98.

Оқи отырыңыз:

2017 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қандай болмақ

Марқұм ұлының еміне жиналған 7 млн теңгені анасы өзге науқастарға таратып берді

Қайырымды жандардың арқасында атыраулық науқас қызға шетелде ота жасалды

Алматылық бойжеткен көлігімен полицейді қағып кетті (видео)

Талқылау