Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тротуарларда электрсамокаттардың қозғалысына тыйым салынбақ

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда тротуарларда электрсамокаттарының қозғалысына тыйым салу ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха үкімет отырысында электрсамокаттарын пайдалану ережелерін қатаңдату шаралары туралы айтты. Вице-министрдің айтуынша, жыл басынан бері ел бойынша электрсамокаттарының қатысуымен 361 жол-көлік оқиғасы тіркелген, салдарынан 365 адам әртүрлі деңгейде жарақат алып, бір адам қаза тапқан. 

“Электрсамокаттарын бақылауды күшейту жөніндегі ұсыныстарды ішкі істер министрлігі өткен жылы да енгізген еді. Алайда олардың біразы қолдау таппады. Осыған байланысты депутаттармен бірлесіп, жаңа түзетулер әзірленді. Онда электрсамокаттарының тротуарларда қозғалуына тыйым салу қарастырылған”, – деді Игорь Лепеха. 


Алматыда самокатшы тротуарда жүргені үшін ескерту жасаған ер адамның көзінен ұрған

Алматыда самокат мінген екі жасөспірім сәби отырған бесік арбаны қағып кетті (видео)


Сондай-ақ кикшеринг компанияларына қойылатын міндеттерді және олардың жұмыс істеу тәртібін реттеу құқығын әкімдіктерге беру ұсынылған.

“Бұл да біздің ойымызша тиімді шаралардың бірі еді: әкім өзі қай көшеде, қай уақытта жүруге болатынын, ал қай кезде тыйым салынатынын белгілеп, осылайша арнайы аймақтарды анықтай алар еді. Бірақ ол кезде депутаттар қолдамады, енді осы ұсынысқа қайта оралып отырмыз”, – деді вице-министр.

Еске салсақ, бұған дейін президент Қазақстан халқына Жолдауында электрсамокаттардың қозғалысына қатысты заң қабылдауды тапсырған еді. 

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 15 Қыркүйек, 2025 18:39
Талқылау