Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда треш-стример Mellstroy-ға іздеу жарияланды

мелстрой іздеу жарияланды

Қазақстанда блогер әрі треш-стример Mellstroy-ға іздеу жарияланды. Мұндай ақпарат Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есептер туралы порталында пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Mellstroy (шын аты – Андрей Бурим) – беларусьтік стример, блогер және инфлюенсер. Ол ТМД кеңістігінде "трэш-стример" ретінде танымал. Бұл жанрдағы контент көбіне шок тудыратын, арандатушылыққа толы және кейде шектен шығатын әрекеттерге негізделеді.

Андрей 2017 жылдан бастап Twitch пен YouTube-та ойын стримдері арқылы танылған. Алайда көп ұзамай алкоголь, кештер және көрермендермен интерактивке (donate-челлендждер, түрлі розыгрыштар) құрылған "лайв-шоуларға" көшті. Оның аудиториясы негізінен ТМД жастары, ал Instagram, Twitch, YouTube секілді платформаларда миллиондтаған жазылушылары бар.

мелстрой іздеу жарияланды

Андрей Александрович Буримге қатысты таратылған сипаттамаға сәйкес, ол бойынша іздеу шаралары 15 қараша күні Астана өңірінде тіркелген. Іздестіруді бастауға Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) бастама көтерген.

Іздеу шараларын Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр. Блогердің не себепті іздеуге жарияланғанын ҚМА кейінірек хабарлайтынын мәлімдеді.

Қараша айының басында Mellstroy-дың арналарын оның туған елі Беларусь экстремистік деп таныған еді. Бұған стример ұйымдастырған "конкурс" себеп болып, елдің бірнеше қаласында бірқатар бұзақылықтар мен заңсыз жаппай шаралардың өтуіне түрткі болған.

Еске салайық, бұған дейін Melsstroy ұйымдастырған байқауда пәтер ұтып алу үшін сауда үйінде ішкиіммен жүгірген қазақстандық ер адам 15 тәулікке қамалған еді. Ал тағы бір қазақстандық Сейфулла Серікұлы ресми түрде тегі мен есімін Mellstroy.game деп өзгертті. 

Назархан Уән
Жексенбі, 16 Қараша, 2025 18:30
Талқылау