Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда трансұлттық қылмыстық топ ұсталды

Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті өндірістік ауқымда синтетикалық есірткі шығару үшін елге прекурсорлар жеткізумен шұғылданған трансұлттық қылмыстық топты ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

есірткі

Жедел уәкілдер зертханада синтетикалық препараттарды өндіру үшін қолданылатын прекурсорларды жеткізу арналарын анықтау үшін арнайы операция жүргізген. Топтың әрбір мүшесінің рөлін және басқа адамдардың қатысуын анықтау үшін “арнайы жүк” бүкіл маршрут бойы бақылауға алынған. 

2022 жылдың қазан айында арнайы операцияның бастапқы кезеңінде, сондай-ақ 2023 жылдың наурызында прекурсорлардың контрабандасына қатысқан үш шетел азаматы елден тыс жерлерде ұсталды. Операцияның соңғы кезеңінде 21 наурызда Алматыда осы іс бойынша қалған күдіктілер – көршілес елдердің екі азаматы және бір қазақстандық құрықталды. Олардан әртүрлі салмақта мефедрон, шетелдік полиция қызметкерінің жалған куәлігі, зип-пакеттер, электрондық таразылар, Калашников автоматының 7,62 мм калибрлі патрондары тәркіленді.

Қоймаларды тінту барысында ІІМ және Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлері синтетикалық есірткілерді дайындау үшін қолданылатын прекурсорларды, сондай-ақ екі реакторды (синтетикалық есірткілерді дайындауға арналған арнайы зертханалық жабдық) тәркіледі.

Тәркіленген прекурсорлардың жалпы көлемі 72,7 тонна. Операция нәтижесінде 8 тонна синтетикалық есірткі өндіруге жол берілмеді. Бұл 8 миллион – бір реттік доза. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр. ІІМ синтетикалық есірткі өндірілгенге дейін прекурсорларды жою жұмысын жалғастыруда.

Талқылау