Қазақстанда төрт футбол клубы жабылады

Қазақстандық журналист әрі комментатор Олжас Байбосын YouTube желісіндегі Fonteam арнасында төрт футбол клубының таратылуы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Олжас Байбосынның айтуынша, Түркістан облысының әкімі Арыс, Мақтаарал, Түркістан және Жетісай деген төрт клубты жабу туралы қаулыны бекітті.
"Ол енді бірінші лигада түркістандық футболшылармен ойнайтын "Тұран" ғана қалады деді. Мен қазір қаулымен танысып жатырмын, қаражат тек жасөспірімдер футболына бөлінеді, бұл сома 50 миллион теңгеден аспауы керек", – деді Байбосын.
Басылым ҚПЛ-ның биылғы маусымның қорытындысы бойынша түркістандық "Тұранның" 16 ұпай жинағанын және премьер-лигаға жалғыз үміткер екенін атап өтті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген
