Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда ақы төленетін декреттік демалыс мерзімін 2 жылға дейін ұзарту ұсынылды

Депутат Айжан Сқақова ақы төленетін декреттік демалысты екі жылға дейін созуды сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақапарат агенттігі. 

Депутат қазіргі таңда балаға толығымен жағдай жасау ата-ана үшін қиын екенін айтты. Ол бұл мәселе үкімет тарапынан шешілгенін қалайды. Әсіресе жалғыз басты ата-аналарға ауыртпашылық түсетінін жеткізді ол. 

"Үкімет ана мен балаға қамқорлық көрсетуді маңызды істердің бірі ретінде қарастыруда. Баланың туылуы әйелдің өміріндегі ең қиын кезең. Бұл үлкен еңбек пен жауапкершілікті талап етеді. Әйелдер декреттік демалысқа шығып, баласына бір жастан үш жасқа дейін қамқорлық көрсетеді. Көптеген жағдайда әйел адам жұмыс істей алмайды. Өйткені үш жасқа дейін балаға ерекше күтім қажет. Одан бөлек бала өмірге келгеннен бастап ата-аналардың шығындары артады. Толық отбасыларда тек әкесі жұмыс жасаса, толық емес отбасыларда ешкім жұмыс жасамайды. Отбасыларды материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету керек", - дейді депутат. 

Оған қоса, депутаттар балаларға төленетін қаражат мөлшерінің тұтқындарға бөлінетін қаражаттан бес есеге аз екенін айтты. 

"Баланың туылғаны үшін аналарға берілетін қаржылай көмек бірінші балаға 5 АЕК-тен, төрттен артық балаға 9 АЕК-тен бекітілген. Балаға күтімі үшін берілетін жәрдемақының құны 14 мың шамасында болса, тұтқындалған адамға айына 80 мың шамасындағы қаржы бөлінеді. Бұлардың арасындағы айырмашылық бес есе. Елімізге бала маңызды ма, әлде тұтқындағы адам маңызды ма?" - дейді Сқақова. 

Депутат төленетін декреттік демалыс уақытын ұзарту керек екенін жеткізді. Оған қоса, балаларға арналған арнайы себет әзірлеу ұсынылды.  

"Қазақстанның халық партиясы депутаттары бір балаға берілетін жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейіне дейін көбейтуді сұрайды. Оған қоса, төленетін декреттік демалыс мерзімін екі жылға дейін созуды, балаларға арналған тұтынушылық себет дайындауды сұраймыз", - дейді депутат. 

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық депутат әлеуметтік жәрдемақыларды 2 есе арттыруды ұсынған болатын.

Талқылау