Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда төлемді аударымдар арқылы қабылдайтын кәсіпкерлер арнайы шот ашуға міндеттеледі

Төлемді картадан картаға қолма-қол ақшасыз аударыммен қабылдайтын кәсіпкерлерге жақында арнайы шоттар ашуға міндеттеледі. Содан кейін сатып алушылардың ақшасы дәл қазіргідей, салық қызметтерінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғалардың шоттарына емес, кәсіпкерлерге түседі. Қаржы министрлігіндегілер бұл қолма-қол ақшасыз аударымдарды көлеңкеден шығаруға мүмкіндік береді деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "31" арнаның "Информбюро" бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Құймалы сусындар сататын дүкенде сатушы болып жұмыс істейтін Евгений күн сайын әртүрлі төлемдерді қабылдайды. Сатып алушылардың көбі қол-қол төлемді құптағанымен, карта арқылы аударым жасауды қалайтындар да кездеседі. 

"Адамдар келеді, аударым жасайды. Күндегі табыстың шамамен 30-40 пайызы аударымнан түседі", - деді Евгений.

Сатушылар арасында ақшаны картадан картаға аудару танымал екені ешкімге жасырын емес. Қаржы министрлігі жақында нақты кірісті анықтау үшін кәсіпкерлерді арнайы шот ашуға міндеттейді. Бір жағынан мұндай шешім бизнестің кассалық аппаратты қолданбауы салдарынан да қабылданды. Биылғы бес айда азаматтардан чек бермегені туралы 12 мың өтініш келіп түскен. Дегенмен, адалдық танытпаған кәсіпкерлерді анықтау қиын емес екен.

"Өткен жылдан бастап жаппай кассалық машинаға көштік, чект басып шығару бойынша есеп көрініп тұрады. Кемшіліктер болса, онда бұл бизнесменнің нағыз "кәсіпті" жүргізіп жатқанының көрсеткіші", - деді қаржы министрлігінің баспасөз хатшысы Әлібек Әділов.

Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығындағылар онлайн-аударымдардың жаппай қолданылуын қолайлығы мен арзан қызмет болғанымен байланыстырады. 

"Бүгінгі таңда пост-терминал арқылы төлеген кезде кәсіпкер соманың 3 пайызынан айырылады. Кәсіпкерлер табыстан айырылғысы келмейді, ал аударымдар арзан, тегін", - деді Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығының директоры Дмитрий Казанцев.

Орталық өкілдері жаңа ұсынысты қолдап отыр, сөздерінше, бұл шара бизнеске пайдалы болады. Ол әсіресе жекеменшік кәсіпкерлікті жапқан кезде әсерін көрсетеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр