Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тыйымға қарамай самокат тізгіндеген жасөспірімдер үшін ата-аналары жауап береді

Кәмелет жасына толмаған балаларға электросамокатпен жүруге тыйым салынса да жеткіншектер амалын тауып қозғалыс құралын басқарып жүр. Кикшеринг компанияларының өкілдері жасөспірімдер қандай да бір келеңсіз жағдайға тап болса, ата-аналары жауапты екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Оқушылардың ұзақ мерзімдегі демалысқа шығуына аз ғана уақыт қалды. Сондықтан мамандар балалардың қауіпсіздігіне алаңдаулы. Негізінен жалға берілетін самокаттарды 18 жасқа дейінгі жасөспірімдердің пайдалануына тыйым салынған. Олардың банк карталары да автоматты түрде қабылданбайды. Бірақ ата-анасы немесе жақындарының банк карталарын пайдалану арқылы қозғалыс құралына қол жеткізіп жүргендер анықталған. Кәмелет жасына толмаған балалар жол көлік оқиғасына ұшыраса болмаса құласа ата-аналары жауап бермек. 

“Балалардың электросамокаттармен жүруі өте қауіпті. Біз қазір апаттың алдын алу үшін ата-аналарға банк картасындағы мәліметтерді балаларыңызға бермеулеріңізді сұраймыз. Себебі, апаттық жағдайға тап болса заң бойынша сіздер жауап бересіздер. Сонымен бірге балаларды мінгізуге және электросамокатқа екі адамның тұруына да болмайды. Соңы оқыс жағдайға әкелуі мүмкін”, – деді компания директоры Станислав Молчанов. 

Талқылау