Қазақстанда тұрғылықты жері бойынша тіркеуге тұрудың жаңа түрі енгізілді
Қазақстандықтар үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша анықтама алу жеңілдетілді.
ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, 2017 жылдың 1 қарашасынан бастап халыққа қызмет көрсету орталықтарында тіркеудің жаңа механизмі енгізіледі.
«Біз Әділет министрлігімен және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен келісе отырып, мекен-жай бойынша тіркелуді жеңілдеттік. Ол үшін арнайы ақпараттық жүйе енгізілді», – дейді ІІМ орынбасары Ерлан Тұрғымбаев.
Жаңа ережеге сәйкес, азаматтардан тұрғын үйге арналған нормативтік құжаттары немесе жылжымайтын мүліктің тіркелгеніне қатысты анықтама талап етілмейді. Жүйе бойынша мекен-жайға қатысты ақпарат тіркелген мекен-жай кодына сәйкес енгізіледі.
Тағы да оқыңыз:
Өскемендік жігіт 20 жасында сүндеттелгенін айтты
Талдықорғанда бала-бақша қызметкерлері мекемені әлдекімдердің дуалап тастағанын айтып даурықты
Қарағандыда 3 жасар бала дүкендегі үстел үстінде тұрған хлор ерітіндісін ішіп қойды