2029 жылы халықтың 84 пайызы қазақ тілінде сөйлейді: Тіл саясатын дамыту тұжырымдамасы бекітілді
"Тіл саясатын дамытудың алдағы алты жылға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы" үкімет тиісті қаулы қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: qmonitor.kz
"2029 жылы Қазақстан халқының 84 пайызы мемлекеттік тілді меңгереді деп күтілуде. Оның үстіне 2023 жылы бұл көрсеткіш 81 пайызды құрайды. "Қазтест" жүйесі бойынша В2 деңгейінде мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесі 2029 жылы 50 пайыз болады. Сонымен қатар 2029 жылы Қазақстанда халықаралық іс-шараларда мемлекеттік тілдің қолданылу үлесі 75 пайызға өседі деп болжануда. Қазір бұл көрсеткіш 52 пайыз. Ал қазақ тілінен басқа тілде білім беретін мектептердің мемлекеттік тілді меңгерген түлектерінің үлесі 30 пайызға артады", – делінген хабарламада.
Құжатқа жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін бағдарламалардың, курстардың және әр түрлі іс-шаралардың тізімі енгізілген. Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Айта кетейік, бір күн бұрын Тоқаев орыс тілі жөніндегі халықаралық ұйым туралы келісімнің жобасын мақұлдаған болатын.