Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда теңге депозиттеріндегі пайыздық мөлшерлеме көтерілді

Қазақстанда 26 шілдеден бастап теңгедегі депозиттер бойынша ең жоғарғы мөлшерлеме көтеріледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

теңге

25 шілдеде Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 14,5% ұлғайтқан болатын. Осыған байланысты Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры 2022 жылдың шілде және тамыз айлары үшін барлық депозиттік желі бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемені көтерді.

Өзгерістер 26 шілдеде, яғни бүгін күшіне енеді. Сол күннен бастап банктер депозит өнімдері бойынша пайыздық мөлшерлемені қайта қарауға құқылы.

Назархан Уән
Сейсенбі, 26 Шілде, 2022 10:22
Талқылау