AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
AAPL
142.94 $
-2.14 %
TSLA
730.17 $
-3.86 %
NDAQ
190.98 $
-1 %
GOOGL
2774.39 $
-1.48 %
FB
355.7 $
-2.47 %
FRHC
60.16 $
-2.23 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Тұрғымбаев: Қазақстанда теміржол және әуежай қызметкерлері жалған вакцина паспорттарын сатқан

Елімізде теміржол вокзалдары мен әуежай қызметкерлері жалған вакцинация паспортын сатып келген. Бұл туралы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті. Оның сөзінше, ПТР тестілері мен вакцинация паспорттарын қолдан жасағаны үшін 110 қылмыстық іс қозғалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

паспорт вакцинации

“Жалған медициналық құжаттарды ұсынудың тұтас схемалары анықталды. Кейбір туроператорлар жалған вакцинация паспорттарын шығарумен және сатумен айналысқан. Сонымен қатар оларды теміржол вокзалдарында, әуежайларда және мемлекеттік шекараның өткізу пункттерінде іске асыру фактілерінің жолы кесілді”, – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.


Министрлік жалған вакцина паспортын сатып алғандардың санын қалай анықтамақ: Ажар Ғиният жауап берді


Ведомство басшысы ел президенті ІІМ жанынан ведомствоаралық арнайы топ құруды тапсырғанын атап өтті. Топ жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-тестілеу нәтижелерін қолдан жасау және сату фактілерінің жолын кесу жөніндегі жұмысты үйлестіретін болады. Осыған байланысты, ақпаратты жинау және өңдеу, сондай-ақ анықталған фактілерге ден қою шаралары бойынша өзара іс-қимыл тәртібі айқындалған.

Айта кетсек, жыл басынан бері 110 қылмыстық іс тіркелген, оның ішінде 60-ы жалған ПТР-анықтама және 50-і вакцинация паспортын жасау бойынша. ПТР-анықтамаларды қолдан жасағаны және жалған вакцинация паспортын жасағаны үшін 28 адам әшкереленді, оның ішінде медицина қызметкерлері – 20 (алты дәрігер, 14 медицина қызметкері), делдалдар – 8. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде жалған вакцинация паспорттарын және ПТР-анықтамаларды сату туралы 70 хабарландыру анықталды, олардың 37-і бұғатталды.

Осы санаттағы істер бойынша тергеу-сот практикасы қалыптастырылды, заңды күшіне енген сот актілері бар. Төрт қылмыстық іс бойынша айыптау үкімі шығарылды. 43 қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері және сараптамалық зерттеулер жүргізілуде. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр