Қазақстанда теміржол билетін арзандату мәселесі қаралуда
Қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесі билет бағасын екі еседей төмендетуге мүмкіндік береді.
Бұл туралы Sputnik хабарлайды.
Қазақстан билік өкілдері теміржол тасымалдары үшін қосымша құн салығының нөлдік мөлшерлемесін енгізу туралы мәселені қарастыруда, бұл билет бағасының төмендеуіне алып келеді, деп хабарлады ТМД елдерінің теміржол транспорты бойынша кеңесінің дирекция төрағасы Петр Кучеренко.
Астанадағы Халықаралық жолаушылар форумында сөйлеген сөзінде Кучеренко атап өткендей, ТМД және Балтық елдерінің кейбір теміржолдарында халықаралық бағдарларда жолаушылар саны азаюда, халықаралық жолаушылар пойызының қозғалыс көлемі төмендеуде. Бұған себеп дағдарыс пен мемлекеттің әуе транспортына көп көңіл бөлуы болып отыр.
Кучеренко атап өткендей, теміржол шығындарының көбеюіне әсер ететін негізгі фаткорлардың бірі қосылған құн салығы болып табылады.
“Бұл көрсеткіш жүрілген жолдар бойынша жалпы шығынның 40%-ын құрайды, бұл мәселе заң жүзінде шешілмесе, өзіндік құнда артады. Ал біздің бәсекелес авиаторларда салық заңнамасы бойынша басымдықтар қарастырылған: халықаралық бағдарлы тасымалдарда қосылған құн салығы 0%, тіпті жанармай үшін”, — деді Кучеренко форумда.
Сол себепті Теміржол транспорты бойынша кеңес қосылған құн салығының нөлдік мөлшерлемесін белгілеуді ұсынады. Бұл билет бағасын 40%-ға төмендетуге мүмкіндік береді.
Кучеренконың айтуынша, Қазақстанда жаңа Салық кодексі жасап шығарылуда, сол кезде Кеңестің де ұсыныстары ескерілетін болады.
Тағы да оқыңыз:
Күн аса күшті жарылыс әсерінен сілкінді
Қазақ ақсақалы 12 баланы ажалдан аман алып қалған
Петропавлда балгер емдеймін деп адамдардың алтындары мен ақшасын алдап алып кеткен