Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда темекіге қарсы күрес еш нәтиже бермеді: Мүдделі тараптардың көздегені не?

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығының 2014-2024 жылдар аралығындағы темекі шегуге қарсы күреске бағытталған саясаты ешқандай нәтиже бермеді. Ал бұл саясат кімнің қолдауымен жүзеге асты? 

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің статистикасына көз жүгіртсек, шылым шегетіндердің саны да, ересектер арасындағы темекі шегушілердің үлесі де өзгергенмеген. Бұл ретте ҚР ДСМ деректерін Euromonitor-дың 2014 – 2024 жылдардағы тәуелсіз зерттеулерінің қорытындыларымен салыстырсақ, бізде ресми статистика екі есеге жуық төмендетілгені анықталады. Мәселен, Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауымен дайындалған 2019 жылғы GATS зерттеуінде 2014 жылы ҚР-да 2,8 миллион темекі шегетіндер болған. Ал 2019 жылы осы көрсеткіш өзгермегені хабарланды. Яғни, бес жылдық күрес еш нәтиже бермеді.

Алайда, Euromonitor беделді тәуелсіз орталығының деректеріне сәйкес, 2019 жылы Қазақстанда 2,8 млн емес, 3,8 млн темекіні тұтыгнатындар болған. 2024 жылы орталық ҚР-да 3,3 млн темекі шегушіні тіркеді. Бұл да ҚР ДСМ деректерінен әлдеқайда көп. 

Осы жылдар аралығында көптеген дамыған ел "Зиянды азайту тұжырымдамасына" сәйкес темекіні никотині бар түтінсіз өнімдермен алмастыруды көздей отырып, темекі шегушілер санын бірнеше есеге төмендете алды. Мәселен Швецияда осы аралықта темекі шегушілердің үлесі бақандай 5,6%-ға, Ұлыбританияда ересек тұрғындардың 12%-на дейін төмендеген. Алайда біздің елімізде бастапқыда түтінсіз өнімдерді темекімен теңестіруге тырысты, кейін вейптерге толық тыйым салынды. Қазір Қазақстанның ересек тұрғындарының үштен бір бөлігі темекі шегеді.

"Қолшатыр" құрылымдармен басқарылатын, танымал белсенді Жәмиля Садықова басқаратын үкіметтік емес ұйымдары (жоғарыда аталған "Темекісіз" қоры және басқалары) кейінгі 10-12 жылда темекі шегушілердің үлесін төмендету жөнінде сәтсіз стратегия жүргізіп келеді. Алайда бұл ешқандай оң нәтиже бермеді. 

Темекіге акциздің бірнеше есе өсуіне де осы Садықова басқарған ҮЕҰ қол жеткізді. Салдарынан темекі бағасы бірнеше есеге өсті. Бірақ темекі тұтыну азайған жоқ. Темекі қораптарына "қорқынышты суреттер" салу бойынша қымбат науқан да нәтиже бермеді. Садықованың құрылымдары парламенттік деңгейде көтерген вейптерге қарсы науқанның салдарынан оларға тыйым салынды. Ал бұл елде темекі сатылымының артуына әкелді. Садықованың бастамасымен кальянға тыйым салу да нәтижесіз болып шықты. Ереже іс жүзінде еш жерде сақталмай, кальян нарығы көлеңкелі бизнеске айналды.

Жалпы, 2014 жылдан бері Садықова ұсынып келе жатқан темекіге қарсы шаралар темекі шегушілер санының азаюына еш ықпал етпеді.

Жақында GSGR халықаралық сараптама орталығының "Темекі түтінін әшкерелеу: Bloomberg темекіге қарсы науқанының тиімділігін бағалау" атты зерттеуі жарияланды. Онда америкалық миллиардер Майкл Блумбергтің бүкіл әлем бойынша лоббистік құрылымдар желісін қалай құрғаны егжей-тегжейлі баяндалады. Зерттеуде Қазақстанның да аты аталған, Блумбергтің мақсаттарын іске асырудағы басты тұлға дәл Садықова екені айтылады. Садықова "бұрын Джордж Соростың "Ашық қоғам" қорынан өзінің бастамалары үшін қаржы алған. Бұл темекі шегудің төмендеуіне емес, қолдан жасалған және контрабандалық темекі нарығының күрт өсуіне әкелді.

GSGR деректері бойынша, Қазақстанда темекінің заңсыз нарығы 5 есе өсті. Бұл мүдделі тараптар шын мәнінде кімге жұмыс істейтіні туралы ойлануға себеп.

“Темекіге қарсы күресеміз деген игі сылтаумен шетелдік мүдделі топтар Қазақстанға мықтап кіріп алғанының өзі ел билігін ойландыруы тиіс. Айтпақшы, Садықованың өзі "Блумберг бастамасымен" ынтымақтастықты жоққа шығарды. Бірақ 2011 жылы бұлтартпас дәлелдердің қысымымен сотта гранттар алғанын мойындауға мәжбүр болды. Қоғамдық шудан кейін Садықова грант берушілердің есімдерін жасырып, алуын жалғастыра берді. Кейінгі 4 жылдың өзінде ол 600 000 АҚШ доллары көлемінде гранттар алған. Садықованың депутат болуға деген ұмтылысы оның лоббистер желісін құру және саясаткерлерге әсер етуге тырысуынан көрінеді... Бұл оның басты мақсаты темекіге қарсы күрес қана емес, сонымен бірге өзінің жеке амбицияларын жүзеге асыру екенін көрсетеді”, - деп қорытындылады GSGR зерттеуінің авторлары.

Медицина басшыларына осы белсендімен ынтымақтастыққа қатысты қорытынды жасайтын уақыт келді.

Талқылау