Қазақстанда Tele-2 мен Altel сатылғалы жатыр
Қазақстанда Tele-2 мен Altel сатылғалы жатыр. Экономика министрлігі ҚР үкіметінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 908 қаулысына өзгерістер енгізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: iphones.ru
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық компаниялардың және олармен аффилиирленген басқа да заңды тұлғалардың ірі еншілес және тәуелді ұйымдарының бәсекелес ортаға беру ұсынылып отырған тізімінен басымдық ретінде "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС алып тастау жоспарланып отыр. Бұл – Tele2 және ALTEL біріккен компаниялары.
Экономика министрлігі экономикалық өсуді ынталандыру және өндірістік базаны кеңейтуге және өндірісті жаңғыртуға бағытталған қосымша ресурстарды тарту қажет деп есептейді.
- Мусин Қазақстанда не үшін интернеттің сапасы нашар екенін түсіндіріп, халықтан кешірім сұрады
- Қазақстанда виртуалды ұялы байланыс операторы іске қосылады
Бұл тікелей мақсатты сатылым болатыны көрсетілген. Tele-2 мен Altel-ді биыл сату жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Kcell, Tele2 және Beeline ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталғаны хабарланған. Тергеу басталғаны туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мәлімдеген.