Қазақстанда "TasksCat" интернет жобасынан қаржы пирамидасының белгілері анықталды
Қаржылық мониторинг агенттігі "TasksCat" интернет жобасында қаржы пирамидасының белгілері анықталғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Интернет жоба азаматтарға тапсырмаларды орындау арқылы 2 500 теңге көлемінде табыс табуды ұсынған. Ал жаңа қатысушыны шақырғаны үшін төлемдердің 5-15% төленетіні көрсетілген. Ұйымдастырушылар өз қызметтерін 100-1000% кірістілікпен "кешенді жобалар" сатқып келген.
“Сондай-ақ жаңадан келгендер табысқа жету жолы мен жеңімпаздардың фотосуреттерін жариялау арқылы да қызықтырды. Мониторинг жүйелері қаржы пирамидасының сайты жұмыс істемейтінін анықтады. Сайтты бұғаттау және халықты жинақтарын жоғалту қауіпінен қорғау жұмыстары жүргізіліп жатыр”, – делінген хабарламада.
Қылмыстық құқық бұзушылық белгілерін анықтау мақсатында Telegram желісінде көрсетілген мәлімет Ақпараттық кітапқа тіркеліп, тиісті қорытынды жасау үшін ҚНРДА жолданады.
Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға беріліп, процессуалдық шешім қабылданады.