Қазақстанда танымал журналист бопсалау дерегі бойынша тұтқынға алынды
Коррупцияға қарсы күрес ұлттық бюросы Central Asia Monitor және Radiotochka.kz басылымдарының бас редакторы Бигелді Ғабдуллинді ұстады.
Қазіргі таңда бас редакторға қатысты бопсалаушылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тексеру жұмыстары басталып кеткен. Тергеу дерегі бойынша Ғабдуллин өзі басқарған басылымдағы қызметін пайдалана отырып, мемлекеттік органдардағы басшыларға ақпараттық соғыс жасаған, іскерлік беделіне нұқсан келтіру мақсатында кері мәндегі материалдар жазған деген айыптар тағылуда.
Одан соң Ғабдуллин сынды доғару үшін мемлекеттік мінбедегі азаматтарды бопсалаған. Олар өз кезегінде Ғабдуллинің компаниясын қолдап, мемлекеттік сатып алуға қатысты келісімдермен қамтамасыз етіп отырған. Тек осыдан соң мемлекеттік шенділердің қызметіне қатысты оң мәндегі мақалалар шыға бастаған.
Мысалы, Ғабдуллин Жамбыл облысы әкімдігіндегі бюджет қаржысынан 10 млн теңге бопсалаған. Ұқсас сызба бойынша Ғабдуллинге 7 мемлекеттік орган мемлекеттік сатып алулар алып берген. Қазіргі таңда журналист ҚР ҚК 128 бабы бойынша ұсталып, Астана қалалық ІІД уақытша тергеу изоляторына қамалған. Сотқа дейінгі тексеру жұмыстары жалғасуда.
Оқи отырыңыз:
Қазақстандықтар таңдаған елдің құрметті азаматына пәтер сыйға берілмек
Қызылорда облысында балаларын алапат өрттен аман алып қалған ана көз жұмды
Майғазиев пен оның жұбайының ортасына тұрып алған Ахмадиева сынға қалды
Қазақстанда Назарбаевтың суреті басылған 10 мың теңгелік қағаз ақша пайда болды