Қазақстанда такси тарифтері тексерілетін болды
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі такси қызметі нарығын талдауға кірісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қыркүйек айында агенттік барлық әлеуметтік маңызды нарықтар, соның ішінде такси агрегаторлары нарығы үшін тексеру шараларының жаңа кешені басталғанын хабарлады. ⠀
"Бүгінгі таңда баға мониторингі, осы нарықтағы бәсекелестік жағдайын талдау және бағалау бойынша жұмыс басталды. Нарық субъектілерінен көрсетілетін қызметтердің көлемі мен қолданыстағы тарифтер, жолаушыларды автомобильмен тасымалдау қызметі, мобильді қосымшаны пайдалану кезіндегі комиссия мөлшері туралы ақпарат сұралды”, - делінген ведомство хабарламасында.
Егер нарықта бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталса, монополияға қарсы шаралар қабылданады, деп ескертті ведомство.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”