Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда такси қызметін көрсететіндерге талап күшейеді. Такси бағасы қымбаттай ма?

“Яндекс.Такси”, Uber және inDriver сияқты адам тасымалымен айналысатын компанияларға қойылатын талап күшейеді. Кеше мәжілістің жалпы отырысында осы мәселені реттейтін заң жобасы қаралды. Депутаттардың алдында сөз алған инвестиция және даму министрі бұл бастама бірінші кезекте аталған саладағы мамандардың жауапкершілігін арттырып, жұмыс уақытын біржақты қылатынын жеткізді.

Қазақстанда такси қызметін көрсететін компанияларға талап күшейеді. Такси бағасы қымбаттай ма?

Бұл туралы «Еуразия бірінші арнасы» хабарлайды.

«Талаптар қатаңдатылса такси қызметінің бағасы көтеріліп кетпей ме?» деген сауалға министр компаниялармен 2 жылдай келіссөздер жүргізілгенін айтып, мұндай өзгеріс бола қоймауы керек деп пікір білдірді.

«Тексерулердің бәрі осы мобильді жүйелерге енді міндетті ретінде қолданылады. Мысалы стационарлы диспетчер орталығы болса, көптеген басқа да міндеттерін атқаратын болады. Мына ұсыныстар тек қана медицина жағынан тексеріс өткізбейді. Басқа жағынан бәрі жұмыс істейтін болады», – дейді ҚР Инвестиция және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Кейбір заңнамалық актілерге «Көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы басқа да мәселелерді шешуді көздеп отыр. Нақтырақ айтсақ, жүк тасымалымен айналысатын отандық компаниялардың нарықтағы заңсыз бәсекелестерінің қызметіне тыйым салу.

«Мысалы, кейбір шетелдік компаниялар өзге мемлекеттерден Қазақстанға жүк әкеліп, бос қайтпас үшін жол жөнекей рұқсат етілмеген тауарларды тиеп әкетеді. Заңға өзгерістер енгізілген соң, бұған жол берілмейді», – дейді Жеңіс Қасымбек.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр