Қазақстанда тағы үш бағытқа әйелдер вагоны енгізілді
Елдегі теміржол тасымалы тағы да әйелдер вагонымен толықтырылды. Бұл жолы қыз-келіншектерге арнайылап 3 бағыт қосылып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан теміржолы әйелдер вагоны тағы үш бағдарға қатынайтынын жазды. Дерекке сүйенсек, бұл сұраныстың артуына байланысты қабылданып отырған шешім. Сол себепті де қозғалыс географисы кеңейтілген екен.
“Мұндай вагондар №3/4 "Астана – Алматы", №33/34 "Алматы – Ақтөбе" және №71/72 "Астана – Шымкент" бағытындағы үш пойыздың құрамына енгізіледі”, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, пилоттық режимдегі бұл қызмет 2021 жылы енгізілген еді. Содан бері 150 мыңнан аса жолаушы әйелдерге арналған вагондар қатынапты.
Әйелдер вагондарындағы қозғалыс жайлылығын бірінші болып "Алматы – Маңғыстау" және "Алматы – Өскемен" пойыздарының жолаушылары бағалады.
2022 жылдың ақпан айынан бастап компания әйелдер вагондарының санын арттырды. Олар "Маңғыстау – Семей", "Астана – Атырау" және "Павлодар – Түркістан" пойыздарының құрамында жүре бастады.
Айта кетейік, бұған дейін елде әйелдерге арналған вагондар жайлы жазған болатынбыз.

“Кадрда көрінбеуің керек": "Жайдарман" ойындарын көруге барған қазақстандық ару орамалы үшін қысымға ұшыраған
