Қазақстанда тағы да -40 градусқа дейін күн суытады
Қазақстан бойынша 2021 жылғы 23-25 қаңтарға арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Ел аумағында тағы да аязды ауа райы күтіледі. Ауа температурасы төмендеп, тұман мен жел күшейеді.
"Салехард аудандарынан суық антициклон Қазақстанның ауа райына әсер етеді. Жауын-шашынның тоқтатылуы және ауа температурасының төмендеуі күтілуде: оңтүстік аймақтарда -10...-20℃ дейін, солтүстік аймақтарда -32...-40℃ дейін. Еліміздің кей жерлерінде тұман және желдің күшеюі күтіледі", - дейді синоптиктер.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн