Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір тас жол ақылы болмақ

Қазақстанда жалпы ұзындығы 425,5 шақырымды құрайтын "Шымкент-Қызылорда" тас жолын ақылы ету ұсынылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҚазАвтоЖол

“Ашық НҚА” порталында “мүлікті республикалық меншіктен Түркістан облысының коммуналдық меншігіне беру туралы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бұйрығы" жарияланды. 


"Ақылы жолдар қазақстандықтардың құқығын таптайды": Белсенділер Конституциялық сотқа шағымданбақ


Жеңіл көліктер үшін толық жол жүру ақысы 0,1436 АЕК (шамамен 530 теңге), 16 орындық автобустар және жүк көтергіштігі 2,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 0,7259 АЕК (2680 теңге), 32 орындық автобустар мен жүк көтергіштігі 5,5 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 1,4707 АЕК (5430 теңге), 32 орыннан көп автобустар және автопоезд жүк көтерімділігі 10 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 2,1966 АЕК (8110 теңге), жүк көтерімділігі 10-нан 15 тоннаға дейінгі жүк көліктері үшін – 2,9388 АЕК (10 850 теңге), ал жүк көтергіштігі 15 тоннадан асатын жүк көліктері үшін, оның ішінде тіркемелері бар, жүк көлігі тракторлары үшін – 3,6647 АЕК (13 530 теңге) болады деп жоспарлаған.

Еске салсақ, бұған дейін Талдықорған мен Өскемен арасындағы трасса ақылы болатынына жүргізушілер қарсы шыққаны туралы жазған едік. 

Талқылау