Қазақстанда тағы бір өңір "жасыл" аймаққа өтті
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалдың біртіндеп тұрақталып келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазір Қазақстан “сары” аймақта.
Цойдың айтуынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақмола, Қарағанды, Атырау облыстары "қызыл" аймақта.
БҚО "қызыл" аймақтан "сары” аймаққа өтті.
Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облысы, Шымкент "сары" аймақта.
Қызылорда облысы "жасыл" аймаққа кірді. Сонымен қатар Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл және Түркістан облыстары “жасыл” аймақта.
"Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайдың сырқаттанушылық деңгейін төмендету және біртіндеп тұрақтандыру бойынша оң тенденция байқалады", - деп қосты Цой.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ