AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды

Қостанай облысында қаржы пирамидасы анықталды. Қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары компанияға 100 АҚШ долларын салып, күн сайын кепілді табысқа кенелуді уәде еткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарлауынша, компанияға 100 АҚШ долларын қолма-қол салған адам күніне инвестициясынан 0,5-2% табыс табатыны уәде етілген.

“Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Antares Limited қаржылық пирамидасын анықтады. Қазір пирамида ұйымдастырушыларына қатысты тергеу жұмыстары басталды. Күдіктілер үй қамақта”, – делінген хабарламада. 

Агенттік тағы да азаматтарды өте сақ болуға, қаржы пирамидаларына тартатын алаяқтардың алдауына түсіп қалмауға шақырады.

"Қаржы пирамидаларының басты мақсаты – капиталды жылдам әрі оңай жолмен еселеп алуды ұсынып, сенгіш адамдардың есебінен пайда табу екенін білу керек", – делінген Агенттік хабарламасында.

Еске сала кетейік, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қаржы пирамидаларының алаяқтық әрекеттерін біле тұрып жарнамалаған адамдарды қылмыстық жауапқа тартатын заң бірінші жарты жылдықта қабылдануы мүмкін екендігін айтқан.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр