Қазақстанда тағы 76 адам COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырды
Елімізде коронавирус белгілері бар пневмонияның 76 жағдайы тіркелді, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
Сондай-ақ өліммен аяқталған 1 жағдай болды. 112 адам сауығып кетті. Деректер 13 қаңтарға берілгені атап өтілді.
ҚР денсаулық сақтау министрлігінің ресми жеделхатында коронавирустың жаңа құрбандары туралы мәліметтер жарияланды.
Соңғы тәулікте Қазақстанда COVID-19-дан 6 адам қайтыс болды. 15 қаңтардағы жағдай бойынша 23 734 адамкоронавирустан емдеуді жалғастыруда. 6 142 науқас стационарда, ал 17 592 науқас амбулаториялық деңгейде. КВИ+ және КВИ- науқастарының арасында ауыр жағдайда - 285 науқас, қатты ауырлық жағдайында - 76 науқас, 47 науқас жасанды тыныс алу аппаратымен жатыр.
Талқылау