Қазақстанда тағы 58 адам коронавирустан емделді
Қазақстанда коронавирус инфекциясынан тағы 58 адам айықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның 5-і Шымкентте, 15-і Қарағанды облысында, 29-ы Атырау облысында және 9-ы Маңғыстау облысында.
Бүгінде Қазақстанда жалпы 9114 адам вирустан сауықты.
Естеріңізге сала кетейік, бір тәулікте Қазақстанда 258 адам коронавирус жұқпасымен тіркелді және 620 адам асимптоматикалық індет тасымалдаушылары ретінде тіркелді.
Жалпы республикада 14496 науқас анықталды. Өлім саны - 73. Сонымен қатар, денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавируспен ауруханаға түсті.
Талқылау