AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
AAPL
146.06 $
-1.83 %
TSLA
759.49 $
0.33 %
NDAQ
192.9 $
-1.29 %
GOOGL
2816 $
-1.96 %
FB
364.72 $
-2.24 %
FRHC
61.53 $
1.1 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда табыс салығы бойынша есеп беру мерзімі аяқталуға жақын

Қазақстандықтарды кірістер туралы декларация тапсыру мерзімі аяқталуға жақын екенін ескертті. Елімізде бұл тәртіп кезең-кезеңімен енгізілу үстінде. Алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары жеке мүлік пен несие туралы есеп беруі қажет. Билік көлеңкелі экономиканы осылайша жойып, бюджетке түсетін салық түсімін арттырғысы келеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар топтамасына сілтеме жасап.

Қазақстан халқы алдағы уақытта жылдық табыс туралы декларацияны жыл сайын тапсыратын болады. Ел тұрғындары оған үйренуі үшін оны кезең-кезеңімен жүзеге асыруға шешім қабылдады. Бірінші болып есеп беретін министрліктердің қызметкерлері, облыстар мен қалалардың әкімдері, мәслихат пен парламент депутаттары болмақ. Сондай-ақ мемлекеттік сатып алу бойынша шешім қабылдаушы тұлғалар, Ұлттық банк пен оның департаменттерінің қызметкерлері. 

2023 жылдан бастап мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің және олардың жұбайларының активтері декларациялауға жатады. Тағы бір жылдан кейін бұл тізімге заңды тұлғалардың құрылтайшылары мен кәсіпкерлер қосылады. Ал қалған азаматтар 2025 жылдан бастап декларация тапсыруға міндетті болады. 

Мемлекеттік кірістер комитеті активтердің декларациясы қажетті жиынтықтың 98%-ын қамтамасыз еткенін атап өтті. 

Декларацияны қағаз түрінде тапсыру мерзімі 15 шілдеде аяқталды. Оны электронды түрде 15 қыркүйекке дейін өткізуге болады. Мемлекеттік қызметкерлер 221 пәтерді, 392 автокөлік пен елден тыс жерде сақталған ақшаларын жариялады.

"Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі жылжымайтын мүлік пен көлік құралдары назарға алынуда. Әсіресе шетел банктеріндегі ақшалай қаражаттар. Қазақстан Республикасынан тыс 29 мемлекетте тіркелген қаражат анықталды. Олардың жалпы сомасы – 3 млрд теңге" , – деді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер басқармасы Жалпы декларация департаментінің бастығының орынбасары Нұрлан Төлегенов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр