Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сұранысқа ие мамандықтар белгілі болды

Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті Дәулет Арғандықов Электро еңбек биржасын таныстыруға арналған кездесуде нарықта тапшы мамандық иелерін атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com 

"Сауда, ритейл сияқты ерекше салалар бар. Бұл секторларда мамандар ағыны жоғары. Сұранысқа ие мамандық дегенде жергілікті ерекшеліктер де бар. Алматы мен Астанада қызмет көрсету саласына маман тапшы деген сияқты. Өнеркәсібі дамыған қалаларда өндіріс секторының мамандары сұранысқа көбірек ие. Бізде әдетте медицина, білім саласының қызметкерлеріне сұраныс жоғары. Сондай-ақ біз орта мерзімге болжамдар жасаймыз. Яғни, қандай секторлар дамып келе жатқанын, қандай технологиялар алға озғанын қарап отырамыз. Қазір IT-мамандарға сұраныс көп. Сондай-ақ бағдарлама әзірлеушілер тапшы", – деген орталық басшысы жыл сайын "Еңбек нарығына шолу" жарияланатынын еске салды.

Айтуынша, болашақ студент немесе оның ата-анасы сол шолуға қарап мамандық таңдауына болады.

"Бұрын сауда саласында офлайн сатушылар тапшы болса, қазір логистикаға жауапты мамандар, кері байланыс мамандары, курьерлер сұранысқа ие", – деді Дәулет Арғандықов.

Талқылау