Қазақстанда сурогаттық алкогольден көз жұмғандардың саны 15-ке жетті
Қазақстанда суррогаттық алкогольден көз жұмғандар саны 15-ке жетті. Оның он бірі - Қостанай облысының Арқалық қаласының тұрғындары және төртеуі Арқалық маңындағы Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Жаңа-Киима ауылынан анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Елімізде сурогаттық алколголь сатып алып, қайтыс болғандардың саны өсуде. Сапасыз өнімнің кесірінен адамдар өмірімен қоштасуда.
"Олардың барлығы 3 - 4 шілдеде ауруханаларға жеткізілді, диагноз этанолдың уытты әсері болды. Өлімнің негізгі себебі - жалпы интоксикацияның салдарынан жедел геморрагиялық панкреатит.
- Алкогольді кеш: Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары тіркеуге алынды
- Танымал қазақстандық әншінің әйелі күйеуінің алкоголь мен есірткіге тәуелділігін ашық айтты
Суррогаттық алкогольдің бір нүктеде сатылғаны белгілі болды. Қазіргі таңда оқиғаның анық-қанығы анықталуда. Бегілі болғандай өнімдер тәркіленді, алайда алкогольдің қанша адамға сатылғаны белгісіз.
"Тергеу барысында Ақмола облысында алкоголь бөтелкесі сатылатын шеберхана табылды. Полиция үш күдіктіні ұстады. Олардан сатуға дайындалған өнімдердің кейбірі тәркіленді", - деп хабарлады ішкі саясат басқармасының өкілдері.
Алайда бір қорқыныштысы бұл өнімнің көп бөлігі сатылып кеткен. Сондықтан, зардап шеккендердің саны артуы мүмкін.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
