Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді

Еліміздің Түркістан қаласында сурдо дзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түркістан қаласындағы "Olympic centre" спорт кешенінде 12-14 сәуір күндері сурдодзюдодан әлем чемпионаты өтеді. Әлем біріншілігі Қазақстан сурдодзюдо федерациясы мен Қазақстан Сурдлимпиада комитетінің ұйымдастыруымен өткізілгелі жатыр. Бұл байрақты бәсекеге еліміздің де үздік спортшылары қатысып, бақтарын сынайды. Назарларыңызға байрақты бәсекеде ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз.

Ерлер:

60 келі. Алтынбек Какетаев, Ерсін Болатов  

66 келі. Алдыбек Нұрмұхамед, Григорий Бысыкатов  

73 келі. Қуандық Шадияр, Асхат Адамбаев  

81 келі. Еркебұлан Канафин,  Арслан Сайфитден  

90 келі. Айдос Түгелбаев, Ермек Жәнібекұлы  

100 келі. Тохтарбек Айдарбек  

+100 келі. Сабыржан Хапизов, Әліби Каныбеков  

Әйелдер:  

48 келі. Айым Жетпісбаева

52 келі. Фэриде Караоглы  

57 келі. Дина Адамбаева, Айгерім Абишева  

63 келі. Анастасия Тимощенкова

70 келі. Эвеллина Егембердиева, Орынгүл Серікбек  

78 келі. Анна Краморова  

+78 келі. Екатерина Чебышева  

Айта кетейік, әлем чемпионатына 24 елден 200-ге жуық спортшы өзара мықтыны анықтайды.

Талқылау