Қазақстанда сумен жүретін автокөліктер пайда болуы мүмкін

Көп ұзамай Қазақстанда сумен қозғалатын автокөліктер пайда болуы мүмкін. Өйткені, көкшетаулық студент дәл осындай идеяны жүзеге асырмақшы.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жобамен ол бүгінгі өткен іс-шарада байқаудың жеңімпазы деп жарияланды. Сондай-ақ, әртүрлі аталым бойынша үздік атанған белсенді жастар марапатқа ие болды.

Инновациялық идеялар мен жобалар бойынша  жарияланған байқауда Көкшетаудағы жоғары техникалық колледждің суденті Әлихан Қайыр жеңімпаз деп танылды. Оның жобасы автокөлік қозғалтқышын сумен басқаруға арналған. Келешекте жоба жүзеге асатын болса, жанармайдың орнын су алмастыруы әбден мүмкін. 

Бұл еңбегі үшін жас ғалымға 350 мың теңгенің сертификаты табысталды. 

"Ғаламтордан осы жобаны қарап, жан-жақты зерттеп барып, өзім қолға алып көрдім", - деді студент. 

Іс-шарада бірнеше азамат Ақмола облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталды. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр